Енді қазақстандықтарға құжаттарының мерзімі өткені туралы SMS хабарлама келетін болады

239

Енді телефон номерін электронды үкімет порталында тіркеген қазақстандықтарға құжаттарының мерзімі өтіп кеткені жөнінде SMS хабарлама келетін болады, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркеліп, электрондық үкімет порталында (eGov.kz) телефон нөміріңізді көрсетуіңіз қажет.

Құжаттың қолданылу мерзімінің аяқталуына 30 күн қалғанда ұялы телефонға SMS хабарлама жіберіледі және оның мазмұны келесідей болады: 
“Sizdin jeke kualiginizdin jaramdylyq merzimi 30 kunnen keıin aıaqtalady, HQKO-ga habarlasynyz/Srok Vashego udostovereniya istekaet cherez 30 dnei, obratites v CON”

10 күннен 1 айға дейін жарамсыз жеке куәлік үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік болса, 1 айдан асқаны үшін 7 АЕК (21 441 теңге) көлемінде айыппұл салынады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.