Қызылордада егістік басында комбайн өртеніп кетті

395
Қызылорда облысында егістік басында комбайн өртеніп кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Оқиға  12 қазанда сағат 10:50 шамасында болған. Сол уақытта төтенше жағдайлар қызметіне Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылындағы егістік басында комбайн өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Сырдария ауданындағы №12 өрт сөндіру бөлімшесінен 5 қызметкер 1 техникамен шықты. Екі аралық шамаман 18 шақырымды құрайды. Егістік басында 2008 жылы шыққан күріш жинайтын комбайн жанып жатқаны белгілі болды. Өрт 11.53-те оқшауландырлып, 11.55-те толығымен сөндірілді, - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.