Көлік тізгіндеген жасөспірім жол апатына түсіп, жолаушы бала қаза тапты

1 404

Фото: istockphoto.comАтырау қаласында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан жасөспірім жолаушы көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Апатқа түскен көліктің бірін кәмелетке толмаған бала жүргізген.

Қайғылы оқиға 19 қаңтар түнгі сағат 23:30 шамасында қала аумағындағы Атырау-Дамба тасжолында болған.

«2007 жылғы жасөспірім басқарған ВАЗ-2170 және 2000 жылғы жігіт жүргізген Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-2170 көлігінде отырған 2009 жылғы жасөспірім жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы мен жүргізуші ауруханаға жатқызылды», - деп мәлімдеді Атырау облысының полиция департаменті.

Осы фактіге байланысты тергеу шаралары жүріп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.