Қаракөл көлінің суы толды

1 250

Фото: Акимат Жамбылской областиСоңғы 10 жылда алғаш рет Талас өзенінің төменгі ағысындағы Қаракөл көлі толды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі. 

Судың дұрыс әрі тиімді бөлінуінің арқасында болып отыр. Яғни, экологиялық мақсатта су жіберу нәтижесінде Жамбыл облысындағы Қаракөл көліне су толтырып, Сұлукөл көліне де су жеткізу мүмкін болды. Сонымен қатар Сарысу және Талас аудандарындағы табиғи жайылымдарға да су барды.

Жергілікті экожүйені сақтау жұмыстары суару маусымы басталмай тұрып жүргізілді.

"Бастапқыда осы мақсатқа "Ойық" гидроторабы арқылы 120 млн текше метр су жіберу жоспарланған еді. Алайда сәуір айының ортасына қарай экологиялық мақсатта су жіберудің жалпы көлемі 315 млн текше метрге жетті", - деп жазылған хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.