МАМАНДАРДЫҢ ЕСЕЛІ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙЫҚ!
Күннің ыстығына қарамастан таңнан кешке дейін еңбек етіп жүрген “Жасыл Қызылорда” мекемесінің мамандары қаладағы каналдар мен арықтардың тазалығын да тұрақты бақылап келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аралау барысында каналдар мен арықтардың іші бөтелке сынды қоқыс қалдықтарына толу жағдайлары жиі орын алады. Осындай ластанған аумақ анықталған бойда мамандар арықтарға тазарту жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, тұрғындардың аяқ су жүретін арналарға түрлі тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауы арықтардың бітелуіне де әкелген. Бүгінде соның салдарын мекеме мамандары түзетуде.
Есіңізде болсын! Қоқыс тастап, қаланы ластаған азаматтар заң талабы бойынша айыппұл өтейді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау – 5 АЕК мөлшерінде (18 460 теңге) айыппұл салынады.
Сондай-ақ, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы әрекеттер қайта жасалған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке (36 920 теңгеге) ұлғаяды.
Рас, тазалық тазалаған жерде емес, тазалықты сақтаған жерде болады!Сондықтан қаламыздың жасыл желекке айналуына бей-жай қарамайтын әр тұрғынның міндеті тазалық сақтау болуы керек. Осы орайда, қала тұрғындарын тазалық сақтауға, арық жүйелеріне қоқыс тастамауға шақырамыз!