Семей тұрғыны әуежайдың ұшу-қону жолағынан 1,4 млн теңгелік шамдарды ұрлап кетті

371
Семейдегі әуежайдың ұшу-қону жолағынан құны 1,4 млн теңгелік шамдар ұрланған.
Облыстық Көлік полициясы басқармасының басшысы Оңал Бекиевтің айтуынша, Семей станциясындағы желілік полиция бөліміне белгісіз біреулердің халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағынан 4 жарықтандыру шамын ұрлап кеткендігі жайлы ақпарат келіп түскен. Салдарынан әуежайға 1 440 268 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілген. 


"Аталған факті бойынша бірден Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейін тергеу амалдары қолға алынған. Жедел -іздестіру шараларының нәтижесінде осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған 36 жастағы Семей тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады", - деді Оңал Бекиев.


 Оның айтуынша, Семей қаласының №2 сотының үкімімен ер адам үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.