Бас дәрігер туралы жалған ақпарат үшін 495 мың теңге айыппұл салынды

1 551

Фото: ИА RegnumЖамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан тұрғынға 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сарысу аудандық соты Facebook желісінде көрінеу жалған мәлімет тарату дерегі бойынша істі қарады.

Тергеу барысында айыпталушы өз парақшасында бір адамның хат алмасуының скриншотын жариялағаны анықталған. Онда аурухана әкімшілігіне, соның ішінде бас дәрігер К.-ға қатысты шындыққа сай келмейтін, беделін түсіретін айыптаулар болған. Жазбада аурухана қызметкерлерінің әрекетін жағымсыз көрсетуге тырысатын және медициналық ұйымның жұмысына қатысты негізсіз мәлімдемелер де кездескен.

Айыпталушы кінәсін мойындамағанымен, желіге скриншоттарды өзі орналастырғанын растады. Ал жәбірленуші – аудандық аурухананың бас дәрігері – бұл әрекет оның абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін айтып, заң шеңберінде жауапкершілік тағайындауды сұрады.

ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мұндай құқықбұзушылық үшін 180 АЕК айыппұл немесе 20 тәулік әкімшілік қамақ қарастырылған.

Сот айыпталушының кәмелетке толмаған алты баласы барын ескеріп, айыппұлды 30 пайызға қысқартты. Нәтижесінде оған 495 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.