Мұғалім оқушыларды таяқпен тәртіпке салған

1 552

Фото: Ашық дерек көзіОқиға осыдан екі күн бұрын Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектептердің бірінде болған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады. Осылайша ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған. Сондай-ақ тағы бір оқушының бұрышта тұрғанын көруге болады. Облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады.


Оқытушы – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес «қатаң сөгіс» тәртіптік шарасы тағайындалды. 2024 жылдың 17 қаңтарында жұмыстан босатылды, - делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.