Көпбалалы аналарға өмір бойы жәрдемақы төленбек

232

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов еліміздегі көпбалалы аналарға өмір бойы жәрдемақы төленетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



"Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналардың мәртебесі үшін төленетін жәрдемақы өмір бойы ай сайын төленеді. Бүгінгі таңда бұл жәрдемақыны 230 мыңнан астам ана алып отыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 60 млрд теңгеден артық қаражат қаралған. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекспен "марапатталған аналар" ұғымы енгізіліп отыр. Бұл мәртебе көпбалалы аналардың еңбегін құрметтеу және мойындау ретінде өмір бойы "Күміс алқа", "Алтын алқа", "Батыр ана", "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі", –  деді Оспанов.


Ол атағандай, 6-7 бала туып, тәрбиелеген аналардың қаражаты көрсетілген.


"7 бала тәрбиелеп отырған аналарға 1 шілдеден бастап жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке ұлғайып отыр. Яғни биылдан бастап 25530 теңгеге тең", –  деді ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.