9 тонна палау пісірілді

1 544

Фото: jv.ruХиуадағы «Арда Хиуа» туристік кешенінде өткен «Хорезм палауы» халықаралық фестивалінде 9 тонна палау әзірленді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алып қазанға 2,5 тонна күріш, 3 тонна ет, 3 тонна сәбіз және 700 литр май пайдаланылды. Палау 10 сағат бойы пісірілді.

Фестивальге мыңдаған қонақ жиналып, дайын тағамның бір бөлігі қатысушыларға таратылды. Қалғаны аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға қайырымдылық ретінде үлестірілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.