Елімізде ірі супермаркеттер желісіне айыппұл салынды

1 540

Фото: © Depositphotos.com/ginasandersСауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті еліміздегі ірі супермаркеттер желісіне айыппұл салынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ведомствоның мәліметінше, 6 айда сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері сауда заңнамасын бұзғаны үшін 2 357 әкімшілік іс қозғаған.


“Олардың нәтижеcі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға 2 228 қаулы шығарылған. Оның 381-і айыппұл және 1 847 алғаш рет жасалған заң бұзушылықтарға ескерту түрінде берілді”, – делінген хабарламада. 


Заң бұзушылықтардың ең көп саны сауда үстемесінің асып кетуі және әртүрлі бағаларды қолдану, баға белгілерінің болмауы бойынша.


"Сауда үстемесін арттырғаны үшін Алматы қаласында республика бойынша бірнеше филиалдары бар SMALL және METRO ірі сауда желілері, сондай-ақ мегаполистегі ең ірі Esentai Gourmet премиум-класты гастроном әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.