Жұмыстан шаршаған шенеуніктерге әкімдік ғимаратынан тынығу бөлмесі ашылмақ

393
Ақтөбеде жұмыстан шаршаған шенділер енді психологпен жұмыс істеп, танымдық фильм көрмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Информбюроға сілтеме жасап.



Мемлекеттік қызметтен шаршап жүрген шенеуніктердің миын тынықтыратын кабинет облыс әкімдігінің ғимаратында орналасқан. Мұны кәсіподақтар Федерациясы ашып беріпті. Өйткені былтыр федерация "Халық бюджеті-2022" байқауын ұйымдастырғанда облыс әкімдігі осы жобаны ұсынып, жеңімпаз атанған. Осылайша, әкімдік шаршаған шенділерге серпіліс беруді жөн көрген.

Мұнда әр түрлі тренингтер өткізіп, психологиялық тренерлерге жүгінуге болады. Негізгі мақсаты – ұжымдағы моральдық психологиялық ахуалды жақсарту, – деді Ақтөбе облысы әкімінің аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Альмира Шамирова.

Бұл байқауға ұсынылған бір ғана жоба екен. Ашылған күні бір топ шенеунікке психологпен тренинг ұйымдастырып, күйзелістен арылу жолдары туралы кеңес берілген. Келушілерге бұдан бөлек кітап оқып, зияткерлік ойындар мен танымдық фильм көре алады.

Өзін-өзі дамыту орталығына мемлекеттік қызметкерлер түскі үзілісте немесе жұмыстан кейінгі уақытында келеді. Кофебрейк, тіпті туған күн кештерінде атап өтуге болады. Кабинеттің жабдығына бас-аяғы үш миллион теңге қаржы жұмсалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.