Колонияға насыбай толы бөтелке лақтырмақ болғандар ұсталды

1 571

Фото: ІІМАлматы облысында екі ер адам колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру дерегінің алдын алды.


Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №57 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтырмақ болған екі ер адамды ұстады.


Оқиға орнынан пакеттермен оралған түйіншек тәркіленді. Ішінен бір пакет және көлемі 1 литрлік насыбай толы бөтелке, үш телефон мен төрт қуаттағыш құрылғы табылды.


Ұсталған адамдар анықталып, болған жайтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.