Балабақша автобусында қалып қойған бүлдіршін аптап ыстықтан қаза тапты

428

Фото: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-adami-aleuetti-damytu/activities/4598?lang=ruЖапонияның Сидзуока префектурасында үш жасар қыз бала бақша автобусында қалып қойып, аптап ыстықтан қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Үш жасар Тина Кавамото дүйсенбі күні таңертең автобуспен балабақшаға жиналған. Автобуста Тинаны қосқанда алты бала мен екі ересек адам болған. Алайда бүлдіршіннің автобустан түспегенін мұғалімдердің ешқайсысы байқамаған. Қыздың бақшада жоқ екенін де ешкім білмеген. 

Тек сағат 14:00 шамасында балаларды үйлеріне қайтару үшін жиналған кезде, олар Тинаны ес-түссіз жатқан күйінде автобус ішінен тапқан. Ол ауруханаға жеткізілді. Дегенмен көп ұзамай қаза тапқаны айтылды. Өлімнің себебі, болжам бойынша аптап ыстықтықтың әсері. Сол күні сырттағы температура 30 градустан асқан.


Бұл балабақша 159 балаға арналған. Алайда соның бәріне 39 қызметкер ғана қарайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.