"Ата-анасы дәмханада болған": Оралда 5 жасар бала суға батып кетті

284
Оралда жағажайда орналасқан демалыс орындарының бірінде 5 жасар бала суға батып кетті. Баланың ата-анасы ол сәтте дәмханада болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 



Қайғылы оқиға 28 шілде күні Saya демалыс орнында болған. БҚО ТЖД хабарлауынша, бес жасар бала жағажайға ата-анасымен және туыстарымен бірге келген. Бала үрлемелі балонмен жүзіп жүрген, ал ата-анасы бұл уақытта жағажайдан 50 метр қашықтықта орналасқан жазғы дәмханада отырған. Арада біраз уақыт өткен соң олар баланы таппай қалған. 40 минут іздегеннен кейін құтқарушылардың бірі баланың мәйітін тапты. 


"Оқиға орны шомылу үшін жабдықталған. Жағажайда бақылау мінбесі бар, бірақ ол шомылу аймағын толықтай қамтымайды. Балалар жағажайы да бар. Оқиға болған күні жеті құтқарушы жұмыс істеді. Демалыс орнында тұрақты түрде тексеріс жүріп тұрады. Соңғы рет ТЖБ қызметкерлері 24 шілде күні тексерген", - деп хабарланды ТЖД-дан


Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 12 адам суға батып кетті. Олардың бесеуі балалар.