Жүкті болып қалған 8 сынып оқушысының мәселесін мектеп әкімшілігі жасырмақ болған
309
Алматы облысы Панфилов ауданында мектеп оқушысы әскери қызметкерден жүкті болып қалған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның сөзінше, мектеп әкімшілігі бұл деректі жылы жауып қоймақ болған.
Аудандық білім бөлімі кәмелетке толмаған қатысты қылмыстық іс туралы 2022 жылдың 15 желтоқсанында белгілі болғанын мәлімдеді. Қазір күдікті қамауға алынған.
Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның сөзінше, мектеп әкімшілігі бұл деректі жылы жауып қоймақ болған.
Әскери бөлім қызметкері күдікке ілінді. Кеңес одағы кезінде мұндай үшін мектеп директорын түрмеге қамап, аудан меңгерушісін жұмыстан шығаратын. Сонымен қатар партия билетінен айрылады. Ал бізде шенеуніктер істі жылы жапқысы келіп отыр, – деп жазды журналист.
Аудандық білім бөлімі кәмелетке толмаған қатысты қылмыстық іс туралы 2022 жылдың 15 желтоқсанында белгілі болғанын мәлімдеді. Қазір күдікті қамауға алынған.
Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу аяқталған соң жауапты тұлғаларға қатысты шара қабылданады. Бұл мәселе аудандық білім бөлімінің айрықша бақылауында, – делінген хабарламада.