Қызылордада сотталған азамат қайтарымсыз грант ұтып алған
456
Қызылорда облысында пробация есебіндегі сотталған 1,2 млн теңге грант ұтып алды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. Кәсіп ашуды мақсат еткен пробация есебіндегі Б. есімді азамат “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасының “Бастау бизнес” жобасы бойынша бір айлық “кәсіпкерлік негіздері” курсын оқып, онлайн тест тапсырып сертификатын алып, өз жобасын қорғап шыққан. Нәтижесінде мемлекеттен қайтарымсыз 1 млн 225 200 теңге грант ұтып алды.
Аудандық пробация қызметінің инспекторы Жақсыбек Жүнісовтің айтуынша, тағы бір есептегі азамат курсты толық аяқтап, тест тапсырып, сертификатын алған.

Бастау-бизнес” жобасы арқылы онлайн оқып, кәсіпкерлік жүргізудің қыр-сырын үйрендім. Қазіргі заманда жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде. Мал шаруашылығымен, бизнеспен айналысам деген адам қорықпай екі білегін сыбанып, екі қолға бір таяқты ұстап, малдың артынан қалмай, оны күтіп-бағып жасайтын болса, рахатын көретіні анық. Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз қаражатқа мал шаруашылығымен айналыссам деп отырмын, – дейді есептегі сотталған.
Аудандық пробация қызметінің инспекторы Жақсыбек Жүнісовтің айтуынша, тағы бір есептегі азамат курсты толық аяқтап, тест тапсырып, сертификатын алған.
Өз бизнес жоспарын жасап, комиссияға ұсынған. Комиссиямен мақұлданған жағдайда екінші сотталған азамат та жеке кәсіпке бет бұруды жоспарлап отыр. Мемлекетіміз тарапынан жасалып жатқан бұндай көмектер пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізуде, – дейді Жақсыбек Жүнісов.