Қызылордада 16 ғимарат 150 миллион теңгеге шамдармен безендірілмек

1 744
Қазіргі таңда Қызылордада 16 нысанға жарық диодты жолақ орнатуға 150 миллион теңге бөлу мәселесі талқылануда, -  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық мәслихат депутаты Анар Ізден өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлама жасаған болатын.
Алайда, қалалық мәслихат депутатының айтуынша,
«2022 жылға облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген трансферттерге сәйкес Қызылорда қаласының коммуналдық шаруашылығын жарық диодты безендіруге 150 млн теңге бөлінді. Екі депутат: Анар Изден, Ерлан Мусаев "қарсы", екі депутат: Айгүл Мусабаева, Нұрлан Тұрғанбаев "қалыс" дауыс берді. Осы қиын кезеңде, жол, қоғамдық әжетханалар, ирригация мәселері, электрбағаналар мәселелері, жол құрылысы мәселелері өзекті болып тұрғанда, диодтарға 150 млн теңге жұмсағанымыз дұрыс па?», - деді дауыс беруде қарсылық білдірген Анар Изден.

Бұл облыстық бюджеттен қаланы абаттандыруға бөлінген трансферт екендігі көрсетілген. Ал, тізім бойынша бүгінгі күнге дейін шамдармен безендіріліп, жарықтандырылған көшелерді қайта жарықтандыру кімнің құзырында? 

Ал, орын алған жағдайға барынша қарсылық танытқан депутаттың айтуы бойынша, Ақсуат пен Сабалақты абаттандыру бойынша бір сұрақты ала алмадым. Бірнеше депутат қарсы, бірнеше депутат қалыс қалды. Ең қызығы, бұл мәселе бұрын бізбен талқыланбаған. Әріптестерім де әкімдіктің ұстанымын қолдайтынын білемін деген болатын.

Ал, әлеуметтік желі қолданушылары осы жазбаға наразылық білдірген жандар да түрлі пікірлер жазып жатыр. Ал, Қызылордада миллиондаған жеке ғимараттарды безендіруден бұрын,  қаржыны қажет ететін шешімін таппаған мәселелер де  жетерлік. Сонымен қатар, көптеген пікір білдірушілер «жарқын жобаның» ықтимал сыбайлас жемқорлық туралы да жазба қалдырған 
 «Жеңімпаз белгілі болса, таң қалмас едім...»
«Мақсаттары ақшаны көптеу жеу шығар? Халқының қамын ойлайтын адамдар ол қатарда бірлі-жарым ғана. Көбі әшейін пар@зиттер деп санаймын»
 «Қаланың көптеген көшелерінде жарық жоқ кезде олар ғимараттарға не үшін қажет?»
«Диодный лампалар болмайды, бір жыл ғана жанады, өткен жылы орнатып кеткен прожекторлар биыл жанбай қалды мусорға тастады»
Неге екені белгісіз, бұл мекемелер әдетте сынды тез қабылдайтынымен, Анар Ізденнің жазбасына қалалық әкімдік те, қалалық мәслихат та, облыс әкімдігі де желіде пікір жазбаған.
Халық қалаулысы мен қызылордалықтардың ашуына шенеуніктердің айтары жоқ сияқты.


АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ