Кабинетте шаш бояған педагогтың әрекеті талқылануда

1 992

Майкенова Айнұргүл. Фото дереккөзден.Әлеуметтік желіде Абай облысының Бородулихинский ауданындағы балабақша меңгерушісінің жұмыс кабинетіндегі біртүрлі фотосы жұрттың талқысына түскен,-  деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Инстаграм әлеуметтік желісінде тараған фотода еліміздің көк байрағы тұрған жұмыс кабинетте шаш бояу процесінің жүріп жатқанын анық байқауға болады. 

Фотоны желіде таратқан парақша: "Майкенова Айнұргүл Нұртайқызы — "Солнышко" балабақшасының басшысы, Абай облысы, Бородулихинский ауданы" деген жазбаны қосып жариялаған. 

Аталған суретке қатысты жұрттың пікірі екіге бөлінді. Бір тарап "масқара, педагог деген атына сын емес пе", "кабинетте шаш бояғаны несі" десе, екінші тарап "онда тұрған не бар, Айнүргүл Нұртайқызы жұмыстан қолы босамайтын, өз ісіне мықты адам", "фотоны не мақсатпен жариялап отырсың, керегі не" - дегенге саятын пікір жазуда. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.