Қызылордада 8 адамды бопсалаған блогер сотталды

1 793

Фото: gov.kzҚызылорда облысында әлеуметтік желі арқылы сегіз адамды бопсалаған күдікті сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл бойынша Жаңақорған аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды.  Сотталушы 2022 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы 8 жәбірленушінің  абыройына нұқсан келетін мәліметтерді таратамын деп қорқытқан. Салдарынан бірнеше рет бөтеннің мүлкін қорқытып талап етіп, қорқытып алушылық жолымен 1 950 000 теңгені жеке бас пайдасына жаратқан.  «Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәлердің жауабымен, айғағымен, сараптама қорытындысымен, бейнежазба және қылмыстық іс материалымен дәлелденген. Ол кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынның 1 650 000 теңгесін қайтарған. Сот сотталушының кінәсін толық мойындауын, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар екенін жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жәйлар ретінде таныды. Жаңақорған аудандық сотының үкімімен оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді», - деп мәлім етті Жаңақорған аудандық сотынан.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.