Белгісіз біреулер 18 жастағы мүгедек жігітті ұрлап әкетіп, зорлық көрсеткен

1 370

Фото: istockphoto.comАқтаудағы жантүршігерлік қылмыс туралы адвокат Ажар Әбділ айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Адвокаттың айтуынша, 27 желтоқсанда Ақтау қаласының орталығында джип көлігіне мінген белгісіз біреу 18 жастағы мүгедек жігітті ұрлап әкеткен.

«2024 жылдың 27 желтоқсанында Ақтауда 18 жастағы мүгедек жігіт зорланды. Жігіттің анасы полицияға арыз жазған», - деді адвокат.

Құқық қорғау органдары күдіктіні әлі анықтай алмаған.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті) бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Барлық қажетті сараптама тағайындалды. Полиция департаментінің басшысы істі бақылауына алды. Тергеу жүріп жатыр», - деді ведомство.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.