Белгісіз біреулер 18 жастағы мүгедек жігітті ұрлап әкетіп, зорлық көрсеткен
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтаудағы жантүршігерлік қылмыс туралы адвокат Ажар Әбділ айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Адвокаттың айтуынша, 27 желтоқсанда Ақтау қаласының орталығында джип көлігіне мінген белгісіз біреу 18 жастағы мүгедек жігітті ұрлап әкеткен.
Құқық қорғау органдары күдіктіні әлі анықтай алмаған.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қаз
Рус






