Жас жігіт велосипедпен Меккеге жетті

1 538

Фото: inbusiness.kzШымкент қаласының тұрғыны, жас велосипедші Ролан Анатолы 8 мың шақырымдық жолды еңсеріп, Меккеге жетті,-деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жолға Ролан 13 қазан күні шыққан. Велосипедші Қазақстаннан басталған сапарын Ресей, Грузия, Армения, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар арқылы Сауд Арабиясына дейін жалғастырған. Саяхат 49 күнге созылған. 

Ролан өз парақшасында: «Аллаға мың да бір шүкір, Меккеге жеттім. Баршаларыңызға жұғысты болсын. Мен мақсат қойдым, әрекет жасадым. Мақсатыма жеттім» – деп жазды.

Велосипедші бұған дейін сапарының басты мақсаты құлшылық жасау деп түсіндірген. Сонымен қатар, жол бойында көрген әсем табиғатқа тамсанып, әр сәтін бағалағанын айтқан.

Ролан Анатолының ерлігі мен табандылығы әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырып, мыңдаған адамдарға шабыт сыйлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.