Адамдарды маймыл мен сиырға теңеген қазақстандық жауапқа тартылды

1 513

Фото: ©Видеодан скринӨзін "ұстаз" деп таныстыратыгн Нұржан Смағұловты Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы азаматтарды қорлайтын материалдар таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұржан Смағұлов Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлау белгілері бар бейнематериал жариялаған.  Ол өз сөзінде адамдарды балағаттап, оларды «сиырлармен» салыстырған. Аталған дерек бойынша Дін істері жөніндегі басқарманың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырған.

 Ведомствоның мәліметінше, сот шешімімен Н.Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Нәтижесінде оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 108 125 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Басқарма өкілдері заң талаптарын сақтау әр азамат үшін міндетті екенін атап өтіп, қоғамда өзара құрмет пен толеранттылық қағидаларын ұстанудың маңыздылығын еске салды. Сондай-ақ азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге жол берілмеуі тиіс екені айтылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.