Қайырымдылық қоры басшысы 15 жастағы оқушыға ақша жинатқан

2 523

Фото: islam.ruАлматыда қайырымдылық қорының басшысы кәмелетке толмаған жасөспірімді базар аумағында тұрғындардан қаражат жинауға заңсыз жұмылдырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, қор жетекшісі қайырымдылық қызметін реттейтін нормаларды бұзып, 15 жастағы баланы қоғамдық орында ақша сұрауға мәжбүрлеген. Жасөспірім тұрғындарды қайырымдылық жасауға шақырып, дауыс көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сотта қор директоры өз кінәсін толық мойындады. Жасөспірімнің түсіндірмесі және жинақталған дәлелдер құқық бұзушылық фактін нақты растады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мұндай әрекет үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК көлемінде айыппұл көзделген. Сот айыпталушының жеке басын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, қор басшысына 196 мың теңгеден асатын айыппұл салды.







OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.