"Мисс Қазақстан" байқауына трансгендерлер де қатыса алады
1 707
18 маусымдағы баспасөз жиынында Miss Qazaqstan қорының жетекшісі Айжан Рузаева биылғы «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендер және дене бітімі өзгеше арулар да қатыса алатынын айтты,- хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Байқаудың финалы биыл күзде Алматы метросында өтеді.
"Plus-size арулар қатыса алмайды дегенді кім айтты? Біз мұндай қатысушыларды қуана қарсы аламыз. Біз бәрін күтеміз. Мейлі ол трансгендер болсын, мейлі plus-size болсын – бұл еркін таңдау. Егер адам өзін солай сезінсе, қатыса алады. Біз бәріне ашықпыз. Егер plus-size қыз келіп, әдемі, харизматикалық, жарқын болса, оны да қарастырамыз. 90-60-90 өлшемдері баяғыда-ақ ұмыт болған, – деді Айжан Рузаева.