Жігіт анасының жинаған 10 миллион теңгесін қолды қылған

1 508

© AP Photo / Michael ProbstАқтөбеде 25 жастағы жұмыссыз азамат анасының банк қосымшасын өз нөміріне тіркеп, шотындағы 9 миллион 899 мың теңгені ұрлаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі  Диапазон порталына сілтеме жасап.

Тергеу дерегі бойынша әйел инсульттен кейін ауыр жағдайда болып, смартфонның функциясын толық түсінбеген. Ұлы оның шотына қол жеткізіп, бірнеше күнде қаражатты өз шотына аударған.

Сотта қылмыскер кінәсін мойындамай, анасынан рұқсат сұрағанын, анасы басын изеу арқылы келісім бергенін айтқан. Сонымен қатар, ұрланған қаражатты кейін қайтаруға уәде бергенін мәлімдеген.

Алайда сот анасы ешқандай рұқсат бермегенін анықтаған. Ұрланған 10 миллион теңге кәсіппен айналысатын анасының бауырына тиесілі болып шыққан.

Тергеу барысында анасына қарайтын әлеуметтік қызметкер де куәлік берген. Ол әйелдің инсульттен кейін сол жақ бөлігінің сал болып қалғанын, бірге тұрған кезінде ұлы жиі қорлағанын, зейнетақысын алып кеткенін, науқас кейде азық-түлікті қарызға алуға мәжбүр болғанын айтқан.

Сот үкімі бойынша қылмыскер 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, ол жәбірленушіге қаражатты өтеуге міндеттелген.