Жантүршігерлік жол апаты: 3 адам қаза тапты

1 474

Фото: Видеодан скринАбай облысындағы Омбы – Майқапшағай халықаралық тас жолында жеңіл көлік пен минвен соқтығысып, үш адам ажал құшты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Жеңіл көлік пен минивэн бетпе-бет соқтығысқан. Екі адам оқиға орнында қаза тапса, тағы бір адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. 

“25 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. 45 жастағы минивэн жүргізушісі ауруханаға бара жатқан жолда, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді”, – деп мәлімдеді полиция.

Соққының қатты болғаны соншалық көліктер мүжіліп қалған.

Жаңасемей ауданы полиция бөлімінің бастығы Рауан Шибутовтың айтуынша, қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.