2300-ден астам адам қоғамдық жұмыс арқылы жазасын өтеп жүр

1 506

Фото: ©gov.kzСотталғандар көшелер мен аулаларды абаттандыруға қатысып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың бір бөлігі қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар үшін сот тағайындаған қоғамдық жұмыстарды атқарып жүр. Бүгінде олардың арасында мыңға жуық адам белгіленген сағаттарын қоғам игілігі үшін еңбек ету арқылы өтеуде. Сотталғандар негізінен қалалар мен елді мекендердегі көшелерді, саябақтарды, аулаларды және балалар алаңдарын тазалау, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына тартылады. Мұндай жұмыстар арнайы кәсіби дайындықты қажет етпейді және пробация қызметінің бақылауымен жүзеге асырылады.

Ведомствоның мәліметінше, сотталғандар күніне төрт сағаттан артық жұмыс істемейді. Қоғамдық жұмыстар жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысандарда ұйымдастырылады. Сонымен қатар олардың еңбек тәртібі мен белгіленген уақытты толық өтеуі тұрақты бақылауда болады. Хабарламада Павлодар облысында тіркелген оқиға мысал ретінде келтірілген. Онда ер адам жанжал барысында қарсыласына жеңіл дене жарақатын келтіргені үшін сот шешімімен 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған. Ол жазасын толық өтеп, белгіленген талаптарды бұзбағандықтан, кейін пробация есебінен шығарылған. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдерінің айтуынша, қоғамдық жұмыстардың басты мақсаты – адамды еңбек арқылы түзеу, әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу