Компания басшысы 90 млн доллардың жанар-жағармайын шетелге сатпақ болған

312
Павлодарда 90 млн доллар болатын жанар-жағармайды шетелге заңсыз сатқысы келген компания басшысы сотталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



ҚМА Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны (165 тонна) "жанармай қоспасы" деген желеумен елден заңсыз әкету фактісін анықтады. Бензиннің жалпы құны – 54 млн теңге. Сондай-ақ құны 89 млн теңге болатын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистерна Өзбекстанға экспорттамақ болғанда компанияның заңға қайшы әрекеті анықталды.

Жалпы аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 млн доллары көлемінде 100 мың тоннадан аса жанар-жағармай экспорттауды көздеген. Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекетке берілді. Бұрын бензин сатудан түскен  54 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді. Сот үкімімен компания директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.