Бизнес-класс жолаушысының жүгінен зергерлік бұйымдары жоғалды

1 511

Фото: Depositphotos.comАстана – Алматы – Қызылорда бағыты бойынша ұшқан бизнес-класс жолаушысы багажынан зергерлік бұйымдар жоғалғанын мәлімдеді. Бұған қатысты Көліктегі полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі


Оқырманның айтуынша, оның анасы Астанадан Қызылордаға Алматы арқылы ұшқан. Қонған кезде жүк берілмей, чемодан Алматыда қалып қойғаны хабарланған. Келесі күні багаж Қызылордаға жеткізілгенімен, тексеру барысында сөмкеден зергерлік бұйымдар салынған пакет пен футлярдың жоғалғаны анықталған.


Оқиғаға байланысты Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Көліктегі полиция мәліметінше, қазір тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, әуежайлардағы бейнебақылау камералары тексеріліп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.