Бөлімде мамандықтар бойынша дайындық сабақтары өтуде
Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде жазғы оқу кезеңінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес барлық санаттағы әскери қызметшілермен мамандықтары бойынша даярлық сабақтары жалғасын табуда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Дәрістердің жоғары дәрежеде өтуі үшін оқу орындары қажетті оқу-материалдық базамен қамтамасыз етілді. Әскери бөлімде оқу топтары құрылып, тәжірибесі жоғары аға-нұсқаушылар жұмылдырылды. Аталған дайындық сабақтары ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін жалғасады.
Дайындық сабақтарының басты мақсаты - әскери қызметшілердің өз мамандықтары бойынша білім деңгейлерін, функционалдық міндеттерін арттыру және штаттық қару-жарақпен атуға, штаттық байланыс құралдарымен сапалы жұмыс істеуге машықтандыру.
Атап айтсақ, дайындық кезінде оқу-жаттығу алаңдарында өткізілетін тәжірибелік сабақтарға ерекше көңіл бөлінеді. Дайындық сабақтарының соңғы бөлігінде мамандық бойынша алған білімдерін анықтау мақсатында жеке құраммен оқу пәндері бойынша бақылау сабақтары мен сынақтар өткізілетін болады.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
лейтенант Мұхит Қонаров