ҚР Конституциясы күні мерекесіне орай Жаңақорған ауданында іс шара өткізілді

315

Фото: Opennews.kzШараға аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов, басқарма басшысы Шахмардан Қойшыбаев, облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Жандос Сәрсенбаев ветеринария саласының ардагерлері, аудандық (қалалық) «Ветстанция» КМК-ның басшылары мен мамандары қатысты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Шара барысында үнемделген қаражат есебінен салынған  ветеринариялық пункттің салтанатты түрде ашылу рәсімі өткізілді.  


Сонымен қатар облыс әкімі Н. Нәлібаевтың тікелей қолдауымен халыққа сапалы қызмет көрсету және саланы жетілдіру мақсатында  үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен бөлінген 73,0 млн. теңгеге сатып алынған 140 дана қан үлгілерін жеткізуге арналған  термочемодан және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ақпараттық жүйеге енгізуді, мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытылы, сапалы жүргізу мақсатында 140 компьютер жиынтығы аудандарға (қала) таратылды. Жаңақорған ауданына 25 компьютер және 25 термочемодан берілді. 
Президент тапсырмасына сәйкес ветеринария саласын реформалауда жергілікті атқарушы орган сала мамандарының айлық жалақыларын көтеру міндеттілді. Осыған байланысты облыс әкімі Н. Нәлібаевтың тікелей қолдауымен ветеринария саласының маңыздылығын ескере отырып облыстық бюджеттен 475,8 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде ветеринар мамандарының еңбек жалақылары сәуір айынан бастап 40%-ға көтерілді.

Сондай-ақ мереке қарсаңында облыс әкімі Н. Нәлібаевтың, облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Қожаниязовтың, басқарма басшысының алғыс хаттарымен  саланың дамуына сүбелі үлес қосып, аянбай  еңбек етіп жүрген барлық аудандардың (қала) ветеринар мамандары марапатталды.