Ақтөбеде подъезд ішінде әйелді соққыға жыққан ер адам видеоға түсіп қалды

415

Фото: видеодан скриншотҚазнетте көпқабатты үйдің кіреберісінде келіншекті аяусыз ұрып жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Полицейлер оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Instagram желісіндегі zello_atyrau_06 парақшасында әйел адамның соққыға жығылған сәті түсірілген видео жарияланды.
 
Кадрларда келіншектің подъез дәлізімен жайбарақат келе жатқаны көрсетілген. Алайда бір мезетте оны артынан бейтаныс ер адам ұстап алып, еденге құлатып, бетінен жұдырықпен ұрған. Осыдан кейін ол оқиға орнынан кетіп қалған.

Роликтің жазбасына сүйенсек, оқиға Ақтөбеде орын алған. 

Осы ретте облыстық полиция департаменті аталмыш жайтқа қатысты пікір білдірді. 

"Полиция департаменті күдікті азаматтың жеке басын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде", - дейді полиция департаментінің өкілдері видеоның астындағы пікірде. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.