Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған ер адам мас күйде рөлге отырған

257
Қызылорда облысында екі жыл бұрын өмір бойына басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші рөлге қайта отырған,  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Рейдтік жұмыстар барысында полиция қызметкерлері Қызылорда облысы Шиелі ауданы көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші сот шешімімен 6 қазан 2020 жылы өмір бойына автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. 26 жастағы жүргізушінің автокөлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.


 Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.