Екі жүкті әйел есірткі тасымалдаған
Қарағандыда екі жүкті әйел синтетикалық есірткіні көлікпен тасымалдаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі тасымалдаушылардың бірі Қарағандыдан шамамен 20 шақырым жерде ұсталды. Оның көлігінің жүксалғышынан екі келіден астам синтетикалық есірткі табылған.
Тергеу барысында әйел тыйым салынған заттарды еліміздің оңтүстік облыстарынан әкелгенін мойындады. Полиция екінші курьерді қаланың ішінде ұстады.
Жыл басынан бері облыста ақпараттық ресурстар арқылы есірткі сату бойынша 71 қылмыстық іс қозғалса, оның 40-ы граффити арқылы жарнамалауға қатысты.