Дубай шоколадын сатып адамдарды алдаған алаяқ 3 жылға сотталды

1 366

Фото: istockphoto.comАстанада дубай шоколадын сатамын деген сылтаумен тапсырыс берушілердің ақшасын алып алдаған алаяқ 3 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасады деп айыпталған адамға қатысты істі қарады.


“Сотталушы дубай шоколадын сату сылтауымен жәбірленушілерді алдаған. Бірнеше рет олардың ақша қаражаттарын иемденіп, 10 жәбірленушінің жалпы сомасы 301 020 теңгеге ақша қаражатын жымқырған.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банктік аударымдармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Прокурор 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Дегенмен қорғаушы тарап бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады”, – делінген хабарламада.

Сот жасаған ісіне өкіну және зиянды өтеуі жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

“Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен (алаяқтық, екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық) кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды”, – делінген хабарламада. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.