Қызылордалық шенеуніктер ішіп алып, дәмханада бүлік шығарды

1 395

Қызылорда облыстық ішкі аудит департаментінің білдей екі орынбасары мас күйінде дәмахананың мүлігін лақтырып, келген клиенттердің мазасын қашырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Одан қалды ақ жағалалылардың бірі дәмхананың даяшысы мен әкімшісін балағаттаған.

Дәмхана әкімшісі мас орынбасардың бірі "қасыма отыр" деп келеке қылды деп шағымданады. Қос шенеуніктің бассыз әрекеттері бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты. Жазбада департамент орынбасарының сыра ыдысын дәмхана ішінде лақтырғаны анық көрінеді. Онымен тоқтамай шенеунік пластмасса бөтелкені де қасындағы үстелге жіберіп ұрады. Сол әрекеті үшін бір орынбасарға ұсақ бұзақылық бабымен айыппұл салынған.


Сондай-ақ дәмханада білгендерін жасаған мемлекеттік қызметкерлердің мәселесі тәртіптік кеңесте қаралды. Екі орынбасар да кінәларын мойындады. Сөйтсе де, оларды қызметінен босатпады. Департаменттің бір орынбасарына қызметіне сай емес деген ескерту, екіншісіне қатаң сөгіс берілді.