Махамбет Абжан 50 миллион пара алу үстінде ұсталды

362
Махамбет Абжан 50 миллион пара алу үстінде ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті", – делінген ақпаратта. 

 
3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат Махамбет Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"М.Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", – деді агенттіктегілер. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.