Шымкентте балабақша басшысы 45,7 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

272
Шымкентте балабақша басшысы 45,7 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

"Балабақша басшылары 2019 2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың "Балапан" бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.


ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.