Аралда салық қызметкерлері күні аталып өтті
Бүгін Арал ауданының әкімі А.Оңғарбаевтың төрағалығымен мемлекеттік кірістер органының 10 жылдығына орай арнайы мәжіліс өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аудан әкімі мәжілісте салық түсімдерін молайту арқылы ел қазынасын еселеуде табысты еңбек етіп келе жатқан сала мамандарын мерекемен құттықтап, үлкен мемлекеттік органның құрылу кезеңіне қысқаша тоқталып өтті.
Бүгінде саладағы оң нәтижелер айқын сезіледі. Осы жылға аудан бюджетінің өз кірістерінің көлемі 3,3 млрд. теңге болса, оның ішінде дербес бюджет 527,5 млн.теңге болып бекітілген. Өткен жылмен салыстырғанда жоспар 115 млн. теңгеге артық. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бұған ең алдымен халықтың әлеуметтік дамуы сеп болса, аудан қазынасының ұлғаюына салық қызметкерлерінің де қосып келе жатқан үлесі зор.
Аудан әкімі жиында сала қызметкерлерінің еңбегі ескерусіз қалмайтынын айтып, мереке қарсаңында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Ә.Жұбандықовқа «облыс әкімінің Алғысы» табысталғанын атап өтті. Сондай-ақ бір топ сала мамандарын «Мемлекеттік кірістер органының үздігі», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл» төсбелгісімен және аудан әкімінің Алғысымен марапаттады.
Мұнан соң аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Әбдікеров кірістер саласындағы оң өзгерістер мен қол жетікізілген нәтижелерге тоқталып, бірқатар әріптестеріне департамент басшысының «Құрмет грамотасын» табыстады.
Жиын соңында құрметке бөленген ардагерлер өздерінің ақжарма тілектерін жеткізіп, сала мамандарының алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.