Қызылордада пробация есебіндегі азамат бизнес жобасын қорғап, 70.000 теңгенің сертификатын ұтып алды

1 544

Фото: Қызылорда ҚАЖДАғымдағы жылдың маусым айының 25-26 күндер аралығында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресустық орталығы” КММ-сі және “Ай-Қанат” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымластыруымен Қызылорда қаласында “BASTA” бизнес-лагері өткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бизнес-лагерге облыс көлеміндегі NEET санатындағы жұмыссыз жастар іріктеліп шақырылды.


Лагерь аясында жастар бизнес тренердің семинарына қатысып, Қызылорда қаласында жаңадан бой көтерген ғимараттармен танысып, "Koksu Village" демалыс орнында спорттық сайыстарға қатысып, бизнес жобаларын қорғады.

Бизнес-лагерге Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған “А” есемді азамат қатысып, байқаудан жүлделі екінші орын иеленіп, арнайы дипломмен және 70 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды.

Бүгін мен үшін қуанышты күн. Өйткені бизнес жобам  жеңімпаз деп танылды.

Жылжымалы кинотеатр бизнес жобасын жасағанмын.Алдағы уақытта басқа да жобаларды жасайтын боламын. Қазіргі уақытта жеке кәсіп ашамын деген жастарға қолдау көп.Жеке кәсіп ашып, халқыма пайда тигізіп,отбасымды адал жолмен асырайтын боламын. Жастарды қолдайтын шаралар көп болсын,-деді есептегі азамат.

 Сайыс және бизнес жобаның үздіктерін облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Есмаханов Алмасбек марапаттады!


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.