"Кеден бекетіне кіріп жүк алып шығу үшін 1000 доллар пара беруің керек" - жүк көлігінің жүргізушілері
236
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Достық" кеден бекетінде шу шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысындағы "Достық" кеден бекетінде шу шықты. Жүк көлігінің жүргізушілері шекарадан өте алмай суықта қалғанын айтуда. Тіпті тауарын алып шығу үшін қызметкерлер пара сұраған. Амалы құрыған азаматтар әлеуметтік желіге ашынған үндеуін жариялады. Бейнежазбада бекетке кіріп жүк алып шығу үшін 1000 доллар пара беру керегі айтылады.
Аталған жағдайға байланысты мемлекеттік кірістер комитеті пікір білдірген. Ақпаратта "Достық" кеден бекетінде 23 қарашадан бастап "CargoRuqsat" платформасында электрондық кезек жүйесі іске қосылғаны айтылады. Әрі құқық қорғау органдарының қызметкерлері сол маңда тәулік бойы кезекшілік жүргізетіні және қазіргі уақытта жағдай тұрақты екені қамтылған.

"Достық" кеден бекетіне кіріп жүк алып шығу үшін 1000 доллар пара беруің керек, болмаса тұрғаның тұрған. Досым, кластасым фура жүргізеді. Жүргізушілердің жанайқайын жоғары жаққа жеткізші деп өтінді. Дос қарызын өтемекке осы видеоны салып отырмын, - делінген.
Аталған жағдайға байланысты мемлекеттік кірістер комитеті пікір білдірген. Ақпаратта "Достық" кеден бекетінде 23 қарашадан бастап "CargoRuqsat" платформасында электрондық кезек жүйесі іске қосылғаны айтылады. Әрі құқық қорғау органдарының қызметкерлері сол маңда тәулік бойы кезекшілік жүргізетіні және қазіргі уақытта жағдай тұрақты екені қамтылған.
Алайда, делдалдық қызметпен ақша табатын кей адамдар (жүк тасушылар) электронды кезекті әдейі дискредитациялап, бекеттің өткізу қабілетін арттыруға барлық жағынан кедергі келтіруде. Сондай-ақ, "CargoRuqsat" электронды кезек жүйесінде тіркелмеген немесе мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін кейінгі мерзімге тіркелген автокөліктер анықталады. Бұдан басқа, "Достық" автомобиль өткізу пункті алдында жасанды түрде кезектер жасалады, заңды тіркелген автокөліктерге кедергі жасау әрекеттері байқалды. ҚХР-ға тәулік сайын 120 бос автокөлік өтіп жатыр, ал өткізу пунктінің инфрақұрылымдық өткізу қабілеті тәулігіне 70 автокөлік, - делінген комитет жауабында.