Ер адам пойыз астына түсіп қаза тапты

2 281

Фото: rail-news.kz/ruАлматы облысында пойыз жолында оқыс оқиға орын алды. Пойыз жолына шығып кеткен ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға Алматы облысындағы Қарабұлақ – Тентек станцияларында болған. Ер адам пойыз жолына шығып кеткен. Машинист та пойызды дер кезінде тоқтатып үлгермеген.

«6 тамызда сағат 19-52-де Қарабұлақ – Тентек аралығында машинист бөгде адамның темір жолға кенеттен шыға келуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қашықтықтың қысқа болуына байланысты адам қағудың алдын алу мүмкін болмады», –делінген хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы темір жолға жақын жерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.