2021 жылы қай өңірдің тұрғындары көп тамақтанғаны белгілі болды

335
2021 жылы Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну 2020 жылмен салыстырғанда төмендеген. Бірақ тұтынылған қант пен кондитерлік өнімдер көлемі өзгермеген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы қант пен кондитерлік өнімдерді қоспағанда, негізгі азық-түлік түрі бойынша тұтыну деңгейі төмен болғаны байқалады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылы қазақстандықтар айына орта есеппен 3,9 кг картоп, 2,8 кг нан, 2 кг сиыр еті, 1,6 кг алма, 1,3 кг күріш пен қант, 16,2 жұмыртқа, 0,9 кг макарон, 0,8 кг балық жеп, 1,3 литр сүт пен айран және 0,1 кг қара шай ішкен.
2020 жылмен салыстырғанда сүт және сүт өнімдерін тұтыну 6,3%-ке, нан өнімдерін тұтыну 4,7%-ке, ет тұтыну 1,7%-ке төмендеді.
Өңірлер бойынша статистиканы қарастырсақ, Шымкент тұрғындары ерекше көзге түсті. Олар ет, балық, сүт және сүт өнімдерін, жеміс-жидек, картоп, құрамында қант бар өнімдерді басқаларға қарағанда көбірек тұтынған.

Басқаларға қарағанда Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары көкөністі, ал Маңғыстау облысының тұрғындары нан өнімдерін көбірек тұтынған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.