Қызылордада үздік полицейлер марапатталды

212
Қызылорда облысы ПД бастығы жеңіс тұғырынан көрінген үздік полицейлерді марапаттады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев үлкен жеңіске жеткен батыл да жігерлі полицейлерді қабылдады. Олардың бірі республикалық байқау жүлдегері – Райханов Ілияс.

Жуырда Астана қаласында “ҚР ІІМ-нің үздік криминалисі – 2022” республикалық байқауы өткен болатын. Үш күнге созылған байқауда әр өңірден келген 20 криминалист бақ сынасты. 20 полиция қызметкері арасында топ жарып, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел криминалистика басқармасының аға криминалисті полиция Райханов Ілияс ІІ орынды иеленді. Әкесінің жолын қуған Ілияс ішкі істер органдарында 2009 жылдан бастап абыройлы қызмет атқарып келеді. Осы салада кәсіби шеберлігін ұштап, жедел-қызметтік міндеттерді атқаруда асқан табандылық танытып жүрген қызметкерлердің бірі.



Бұдан бөлек, департамент бастығы Қазан қаласында өткен қоян-қолтық жекпе-жектен Азия кубогында қола медаль иеленген Нұршат Аманқосовты жеңісімен құттықтады.

Қызылорда облысының бас полицейі облыстың намысын жоғары деңгейде қорғаған полицейлерді жеңістерімен құттықтап, ел мүддесі жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.