“ЖАСЫЛ АЙМАҚ” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫ ДА АТСАЛЫСТЫ

1 705

Республика көлемінде өтіп жатқан “Таза Қазақстан" экологиялық акциясының үшінші аптасы “Жасыл аймақ” атауымен жалғасуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Осыған орай, бүгін туған өлкесін түлетуге атсалысып жүрген аймақтың 100-ге жуық белсенді жастары қаладағы Қорқыт ата ескерткіші маңында Сыр талын егіп, аталмыш акцияға қолдау білдірді. Сондай-ақ, белсенді жастар ескерткіш аумағын қоқыстардан тазартып, ондағы ағаш діңгектерін әктеп, сырлады. 


Бұдан бөлек, жастар экоакцияны қызықты әрі ерекше өткізу мақсатында тұрғындарға тіл үйірер тәтті балмұздақтар таратып, ескерткіш аумағында «Бауырсақ party» шарасын ұйымдастырды. Қала тұрғындары жастардың мұндай белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, өз алғыстарын жеткізді. 


Көппен бірге атқарылған жұмыс көңіл қуантады. Игі шара барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студент жастары, волонтерлер және республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиалының мүшелері, Ассамблея жастары экологиялық акцияда белсенділік танытып, тазалық жұмыстарын жүргізді. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.