Қызылорда түрмесіндегі сотталушы әкімшіліктен қорлық көргендерін айтып бейнежазба жариялады

610
Қызылорда облысындағы жоғары қауіпсіздіктегі ЗК 169/5 түзету мекемесіндегі сотталушылар тағы да әкімшіліктен қорлық көргендерін айтып, бейнежазба жариялады,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Сотталушы  түрме қызметкерлері, тіпті орынба сар қызметінде жүрген  Маханов Ерлік пен Байқадам Балтабайұлы түрлі психикалық әрекеттер арқылы қорлап, ұрып-соғатындарын айтқан.
Сөздеріне сенсек, әкімшілік қызметкерлерінің бұйрығымен олар бір-бірін   үнемі осылай қорлауға мәжбүр. Қызметкерлер тарапынан қысым көретіндігін жасырмады. 


«Бұл видеоны ЗК 169/5 мекемесінде өз қауіпсіздігімді сақтау үшін жаздым. Мемлекет басшысы мен Облыстық прокуратурадан көмек сұраймын.  Осы видеом арқылы сіздерден көмек сұраймын. Заңды жоққа балаған қызметкерлерге шара көрсеңіздер»,- дейді сотталушы Ерлан Көбеев.



Сотталғандар бұған дейін де бірнеше рет қорлық көргендерін айтып дабыл қаққан болатын. Бірақ барлығында өздері кінәлі болып шыққан. 


Осы орайда, құзырлы органдардың тексеру жұмыстарын жүргізу керек болар. Алайда сотталушылардың туыстары да бір емес бірнеше рет біздің агенттіктен араша сұрап келген жағдайлар да кездескені жасырын емес.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.