Өскемендік азамат 2 мың теңге үшін оқушы қызға шабуыл жасаған

271

Бұрын сотталған өскемендік азамат екі мың теңге үшін оқушы қызға шабуыл жасаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz порталына сілтеме жасап. 


Оқиға 2021 жылы мамыр айында орын алған. Сол күні жасөсіпірім қыздар кешке дейін далада әңгімелесіп отырып қалады. Күн батқан соң олар үйлеріне қайтуды ұйғарыпты. Қараңғы көшемен қайтып келе жатқан қыздардың бірі артынан ер адамның жүріп келе жатқанын байқаған. Шолақ шалбар, майка және басына кепка киген ол қыздың артынан тап беріп, жабысқақ таспамен (изолента – ред.) қылқындырмақ болған. Алайда қыз қолымен таспаны үзіп үлгерген. 

Ер азамат қызды соққының астына алған. Абырой болғанда, жәбірленушіні сол маңда өтіп бара жатқан жігіттер құтқарып қалған. Алайда қаскөй қыздың сөмкесін ұрлап қашып үлгеріпті. Ол сөмкенің ішінде болған 2 мың теңгені алып, қалған заттарды өзенге лақтыра салады. 

Көп ұзамай қылмыскер қолға түскен. Ол Белоусовка ауылының тұрғыны болып шыққан. Ер азаматтың кінәсі саусақ іздеріне жасалған сараптама нәтижесінде дәлелденген. Сот оны бұл әрекеті үшін бес жылға бас бостандығынан айырыпты. Бұған қоса ер азамат жәбірленушіге жарты миллион теңгеден астам моральдық өтемақы төлеуі тиіс. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.