Өз анасын аяусыз соққыға жыққан азаматқа қатысты үкім шықты

356

Алматы қаласында анасын аяусыз соққыға жыққан 50 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Opennews.kzақпарат агенттігі. 


Фото: видеодан скриншот

Алатау аудандық сотының үкіміне сәйкес, Смирнов Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша кінәлі деп танылды. Ол 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Оған қоса, 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады.


"Сот жазаны тағайындау кезінде сотталушының өз кінәсін шын ниетпен мойындағанын ескерді. Сосын анасы бас бостандығынан айырмауды сұрады", – дейді сот мамандары.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Еске салайық, Алматыда өз анасын таяқпен тоқпақтаған ер адам 
ұсталғаны туралы хабарлаған едік. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.